Дәмханалардың біріндегі төбелесте 2 адам пышақ жарақатын алды - Теміртау

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат –Теміртау қаласындағы дәмханалардың бірінде төбелес болып, салдарынан екі ер адам пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 қаңтарда сағат 03.30-да Теміртау қаласы ІІБ шығыс ПБ-нің кезекші бөліміне қаладағы дәмхананың бірінде келушілер арасында төбелес туралы хабарлама келіп түсті. Жедел жәрдем пышақ жарақатын алған 33 және 35 жастағы ер адамдарды орталық ауруханаға жарақатымен жеткізілді.

«Төбелес салдарынан Теміртау қаласында 2 зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды: біріншісі, көптеген жарақаттар алып, операциядан өтті. Жағдайы тұрақты. Екінші зардап шеккен адам, жауырынындағы жарадан жарадан түскен. Медициналық көмек алды. Амбулаториялық емделуге жіберілді», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция қызметкерлері ізін суытпай, 26, 31 және 32 жастағы күдіктіні анықтады. Аталған факт СДТБТ-да ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.




Соңғы жаңалықтар