Дәмхана әкімшісі ақы төлемеген клиенттердің соңынан қуамын деп көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде төрт баланың әкесі жұмыс кезінде қаза болды. 

Кафе әкімшісі тапсырыстың ақшасын төлегісі келмеген клиенттердің соңынан қуалап, жүріп бара жатқан көлікке жармасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 наурыз күні «Достар» дәмханасының әкімшісі ішкен асының ақысын төлемеген екі адамның кесірінен қаза тапты. Алғашында әкімші мен келушілер арасында төбелес болып, кейін 29 және 32 жастағы ер азаматтар қаша жөнелген. Олардың соңынан қуған әкімші көліктің ашық тұрған есігіне жармасып, қатты соққы алды.

«Дәмхана әкімшісі мен екі клиенттің арасында төбелес болған. Кейін келушілер көлікке отырып, қашып кетуді ойлаған. Сол кезде әкімші оларды қуып, көліктің ашық тұрған есігіне жармасқан. Көлік орнынан қатты қозғалған. Әкімші сол жерде құлап, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сарапшылар мүрдені қарап шықты. Әкімші денесінде суық қарудың ешбір ізі байқалмады. Қазір қосымша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Екі күдікті ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД тергеу басқармасының бастығы Болат Кушкалиев.

Айта кетейік, дәмхана әкімшісінің артында кәмелет жасқа толмаған 4 баласы қалды.

 

Соңғы жаңалықтар