Дәлелдемелерді бұрмалаған сот орындаушысы жазаланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында дәлелдемелерді бұрмалаған сот орындаушысы жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс прокуратасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі ауданы прокуратурасы атқарушылық өндіріс құжаттарын тексеру кезінде әкімшілік іс бойынша дәлелдемелердің бұрмаланғанын анықтады.

Әділет департаментінің сот орындаушысы М. жеке сот орындаушысымен жолданған құжат бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 669-бабымен әкімшілік хаттама толтыратын 2 ай мерзімді өткізіп алған. Содан кейін өзінің кінәсін жасыру мақсатында хаттаманың күнін өзгертіп, сотқа жолдаған.

Прокуратураның ықпал етуімен қабылданған шараның негізінде сот қаулысымен мемлекеттік сот орындаушысы аталмыш кодекстің 660-бабы 2-тармағына сәйкес дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 126 мың теңге айыппұл салынды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Бөрлі ауданы прокуратурасымен өткен жылы атқарушылық өндірісті қадағалау саласында 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қадағалау актілерімен 16,8 млн теңге өндірілді.

Соңғы жаңалықтар