Далай-лама Британиядағы Гластонбери рок-фестиваліне қатыспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Британияда өтетін Гластонбери рок-фестиваліне Тибет буддаларының рухани көшбасшысы қатысуы мүмкін, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Далай-лама сөз сөйлеп, Англияның батысында жыл сайын өтетін фестивальдың сахна төріне көтерілуі керек. Қытай елі Тибеттің рухани көшбасшысының фестивальға қатысуына қарсылық білдірді.

Қытай елінің билігі Далай-ламаны сепаратизм үшін айыптап, оның кез келген қызметіне сын көзбен қарайды.

Соңғы жаңалықтар