«Дакар-2020» раллиінің сегізінші кезеңі өтпейтін болды

None
None
ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат - «Дакар-2020» раллиінің мотоцикл және квадроциклмен жарысу кезеңі өтпейтін болды. Оған португалдық спортшы Паули Гонсалвештің өлімі себеп болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ралли-рейдтің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ұйымдастырушылар дүйсенбі күні Вади-эль-Давасирқаласының айналасында өтуі тиіс мотоцикл және квадроциклмен жарыстың сегізінші кезеңін өткізбейтін болды. Бұл шешім марқұмның рухына тағзым ету үшін қабылданып отыр» делінген ресми сайттағы хабарламада.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға «Дакар-2020» жетінші кезеңі жолының 276-шы шақырымында болған. 40 жастағы Гонсалвеш мотоциклден құлап қалды. Оған көмек көрсету үшін медициналық тікұшақ шақырылды. Португалдық спортшы ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.



Соңғы жаңалықтар