ДАИШ террористік ұйымына қатысты материал таратқан 7 күдікті қамауға алынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ДИАШ халықаралық террористік ұйымына қатысты материалдарды таратқандар қамауға алынды. Облыстық сот жеті күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде лаңкестікке шақырып, ел ішіне іріткі салмақ болған күдіктілер ұсталды. Сот күдіктілерге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады.

«Күдіктілер Қылмыстық кодекстің «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру», «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» баптары бойынша қамауға алынды. Сот 22 сәуірден бастап екі айға қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады»,- деді облыстық соттың баспасөз қызметі Илиада Досова.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілген арнайы операция барысында 4 радикалды топтың жолы кесілгенін хабарлаған болатын. Ұсталған 11 адамның жетеуі ақтөбелік екені мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар