Дағыстан тұрғыны шекарадан 380 қап насыбайды заңсыз алып өтпек болған

None
None
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Атырау облысында шекара арқылы заңсыз 380 қап насыбайды алып өтпек болған Дағыстан тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық контрабанда фактісі РФ Астрахань облысымен шекарада «Құрманғазы» шекара бекетінде ресейлік нөмірлі «КамАЗ» көлігін тексеру кезінде анықталды. Машинадан ірі көлемдегі темекі өнімдері – құжаттары жоқ насыбай табылды. Барлығы 15 тонна 580 келі болатын 380 қап болған», - деп хабарлады №2016 әскери бөлімінің баспасөз қызметі.

Хаттама толтырылғаннан кейін жүргізуші – Дағыстан тұрғыны мен насыбай Құрманғазы аудандық полиция бөліміне жіберілді.


Автор: А.Соколов


Соңғы жаңалықтар