Дағдарысты еңсеру бағытындағы Үкіметтің жұмысын оң бағалауға болады - Елбасы

None
None
денің 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Дағдарысты еңсеру бағытындғы Үкіметтің жұмысын оң бағалауға болады. Бұл туралы бүгін Ақордада бірінші жартыжылдықтағы экономикалық-әлеуметтік даму жағдайы мен дағдарысты еңсеру мәселесіне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемде қаржы дағдарысы әлі де тоқтаған жоқ. АҚШ, Еуропа елдерінде, ТМД мемлекеттері аумағында да дағдарыстың әсері байқалуда. Атап айтқанда, алда тұрған қиыншылықтар өте көп, жұмыссыздық өсіп жатыр. Жалпы, барлық елдерде экономиканың төмендеуі орын алып, сыртқы  және ішкі сауданың көлемі де азаюда. Осының бәрін салыстырып қарағанда, біздің дағдарысты еңсеру тұрғысында қабылдаған шараларымыз экономикамызды бір қалыпта ұстауға мүмкіндік туғызды деп айтуға болады»,  - деді Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздегі жұмыссыздықтың азаюына, шағын және орта бизнестің жұмысы жанданып, өндірістегі тапсырыстар бірізге салынғанын, сондай-ақ «Жол картасы» аясындағы шаралар бойынша өңірлердегі ахуал дұрысталғанын айтып өтті.

«Атап айтқанда, мемлекеттен бөлінген қаражат ауқымды жұмыстарды жасауға мүмкіндік туғызды. Жалпы қазіргі жағдайда Үкіметтің атқарып жатқан жұмысын оң бағалауға болады»,-деді Президент.

Соңғы жаңалықтар