Дағдарысқа қарсы қабылданған бағдарламаның арқасында, уақытылы қамтылған заңдар нәтижесінде экономикамыз өсім траекториясына шықты - Елбасы

None
None
;АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Дағдарысқа қарсы бағдарламаның арқасында ел экономикасы өсім траекториясына шықты. Бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Дағдарысқа қарсы қабылданған бағдарламаның арқасында, уақытылы қамтылған заңдар нәтижесінде экономикамыз өсім траекториясына шықты деп айтуға болады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес жалпы ішкі өнім 8 пайыздан асты. Өнеркәсіп өндірісі 12 пайызға, ауыл шаруашылығы 3 пайызға өсті. Өңдеуші өнеркәсіп 18,5 пайызды құрады. Бұл - өте маңызды көрсеткіш. Біз осы сектордың жұмыс істеуіне мүдделі болатынбыз. Бұдан бөлек тау-кен өндірісі 6,3 пайызға артып, машина құрылысы, химия, тамақ өнеркәсібі де даму үстінде», деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге Елбасы еліміздің алтын валюталық қоры мен ұлттық қорының да көлемі артып отырғанын мәлім етті. Президенттің айтуынша, ұлттық қор көлемі 53 млрд. доллардан асып, оның өсімі 5,7 пайызды құраған.

Соңғы жаңалықтар