Дағдарыс жағдайында мемлекеттің бөлген қаржысы экономиканың дамуына тың серпін береді - С.Әкімбеков

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дағдарыс жағдайында мемлекеттің бөлген қаржысы экономиканың дамуына тың серпін береді. ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Үкіметінің теңгені тұрақтандыру туралы жасаған бірлескен мәлімдемесінде осы мәселе орынды көтерілді.

Осындай ойын ҚР Тұңғыш Президенті қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков жеткізді.

«Біріншіден, негізгі басымдық инфляцияны қадағалауда болып отыр. Бұл қазір Ресейде болып жатқан саясаттың ізін басу болмайтынын көрсетеді. Онда болған жағдайлар қарқынды девальвацияға әкелгенін көріп отырмыз. Екіншіден, ҚР Президентінің Жолдауында айтылған контртізбекті саясаты негізгі тезистермен бекітілді. ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің саясаты 2015 жылда нақты экономикалық сектордың 4-5 пайызға өсімін қамтамасыз ететін мақсатты индикаторларды белгілеп отыр», - деді сарапшы.

2014-2015 жылдарға экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін Мемлекет басшысының бастамасымен ҚР Ұлттық қорынан 1 трлн. теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Бұл қаржыдан 500 млрд. теңге 2015 жылы ШОБ нысандарын несиелеуге, банк секторын сауықтыруға бағытталмақ.

Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан экономиканы қолдауға жылына 3 млрд. доллардан жұмсалып отырады.

«Күрделі жағдайда экономикалық белсенділікті қалыпты ұстауға ақша бөлу тың мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, экономиканың мультипликативті секторына пайдаланылатын стандартты схема бар. Осы жағдайда аталған жоспар жүзеге асуы үшін айқын тұрақты көрсеткіштер болуы шарт. Әсіресе, валютаға қатысты», - деді С.Әкімбеков.

Соңғы жаңалықтар