Дағдарыс кезеңінде индустрияландыру саясаты өзектілігін танытып отыр - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағдарыс кезеңінде индустрияландыру саясаты өзектілігін танытып отыр. Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы:

2016 жылдың I жартыжылдық қорытындысы» атты кеңесті ашқан  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Индустрияландыру бағдарламасы экономиканың қолайсыз жағдайында сыртқы факторларының теріс салдарын әртараптандыру қажеттілігіне бағытталды. Сондықтан да, осы бағдарламаны жүзеге асыруды белсенді түрде жалғастыруға тиіспіз. Оның қажет екенін біз білдік, бізге қарап басқа елдер де осыны жасап жатыр. Бұдан бөлек, дағдарыс жылдарында индустрияландыру саясатының өзекті бола түсті. Кәсіпкерлер мен инвесторлар өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік алды», - деді жиынды ашқан Елбасы.

Еске салсақ, кеңес барысында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары шығарылады.  «Астана күнінің қарсаңында қалыптасқан дәстүр бойынша жартыжылдық қорытындыланады, индустриялық дамудың жаңа бағыт-бағдары талқыланбақ. Қандай нәтижеге жеттік, қандай кемшіліктер болды. Болашақта не істеу керек? Бұнымен қоса, барлық облыстармен телекөпір арқылы өңірлерде қосылатын нысандарды көретін боламыз», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар