Д.Назарбаева оқулықтарға сапасыз сараптама үшін Білім министрлігін сынға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте оқулықтардың сапасы және білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз етуге арналған Үкімет сағатында палата төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Білім және ғылым министрлігін оқулықтарға сапасыз сараптамасы үшін сынға алды.

«Бүгінгі күні білім саласында барлық оқулықтар бойынша сараптама немқұрайлы жасалады. Неге немқұрайлы? Өйткені, бұл оқулықты жазған адамға да, сараптамасын жасаған адамға да және оны ары қарай министрлік пен түрлі деңгейлерге ұсынған комиссияларға да жеке жауапкершілік қарастырылмаған. Бюджеттен бөлінетін қаражатқа шығарылған сапасыз оқулық үшін министрлік қызметкерлерінің жеке әрі тікелей жауапкершілігі жоқ. Сондықтан да тікелей жауапкершілік болмаса, бұл салада ілгерілеу деген де болмайды», - деді Д.Назарбаева. Бұдан бөлек, вице-спикер оқулықтарды тексерумен айналысатын комиссияны да «жауапкершілікті жуып-шаю» үшін құрылады деген сынға алды. Оның айтуынша, бұл тек өзінің жеке пікірі ғана емес, депутаттық корпустың ұстанымы. «Сондықтан менің ұсынысым - жаңа оқулықтарды енгізуге асықпау керек. Бұны бір жылға кейін шегеріп, кейін бұған қайта айналып соқпас үшін ең алдымен жауапкершілікті күшейту керек. Барлығы түсінікті әрі есептеулі болуы керек. Сонда ғана біз осында айтылған сөздерге сенетін боламыз», - деді Д.Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар