Д.Назарбаева Көкшетаудағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Көкшетаудағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

Бүгінгі күні Ақмола облысында 100-ден астам этнос өмір сүріп жатса, оның ішінде өз халқының мәдениетін, тілін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін насихаттап, дамытумен айналысатын 41 этномәдени бірлестік (оның 20-ға жуығы Көкшетау қаласында) тіркелген. Осы уақытқа дейін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанынан ғылыми-сараптама орталығы, Аналар кеңесі, журналистер клубы, мектепке дейінгі балалар қауымдастығы және жастар ұйымы, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі және ұлттық-қолданбалы өнер шеберлерінің қауымдастығы құрылып, жұмыс істеуде.

«Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда еліміз әлемдік қоғамдастықта тұрақтылық, бейбітшілік және түсіністіктің жарқын үлгісін көрсетіп отыр.

Бұған әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында қол жеткіздік», деді кездесуде жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдері.

Кездесуде вице-премьер жергілікті этномәдени бірлестіктердің жұмысына назар аудара келе, елімізде халықтар арасындағы мызғымас достық пен түсіністікті нығайтуда қолға алынған шаралар туралы айтып берді.

null null  

Соңғы жаңалықтар