Д.Медведев: Жыл соңында ЕАЭО аясында Бірыңғай кеден кодексі қабылданады

Фото: None
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңында ЕАЭО аясында Бірыңғай кеден кодексі қабылданады. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы барысында РФ Үкімет басшысы Дмитрий Медведев айтты.

«Бір жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одақ туралы ең басты құжатқа қол қойылды.Ол біздің базалық уағдаластығымызды бекітті. Осы жылдың ішінде бірталай жайт орын алды. Атап айтқанда, әрі бұл ең бастысы, еуразиялық интеграциялық процестің қатысушылар құрамы кеңейіп, Армения мен Қырғызстан қосылды. Ортақ интеграциялық мақсаттар біріктіретін мемлекеттердің еуразиялық бестігі қалыптасты», - деді ол.

Сонымен қатар Д.Медведев ағымдағы жылдың соңына дейін бірнеше ондаған маңызды құжатты қабылдау міндеті тұрғанын баса атап өтті.

«Олардың қатарында Кеден кодексі мен халықаралық шарттарды қорытындылау тәртібі туралы келісім бар»,- деді РФ Үкімет төрағасы.

Оның атап өтуінше, одақты экономикалық дамытудың негізгі бағыттарының жобалары әзірленген. «Бұл 2030 жылға дейінгі кезеңдегі ұзақ мерзімді бағдарларға қатысты», - деді ол.

Д.Медведевтің айтуынша, негізгі күштер ЕАЭО ішінде тауардардың, қызмет көрсетулер мен капиталдардың, жұмыс күшінің еркін қозғалысына тосқауыл болатын кедергілерді жоюға шоғырлануы тиіс.

Соңғы жаңалықтар