Д. Берлібаев «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

None
None
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - 9 шілдеде «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтті.

Онда директорлар кеңесінің төрағасы Ләззат Қиыновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сонымен қатар, кезектен тыс отырыста «ҚМГ БӨ» Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып, компания директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік даму жөніндегі Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Данияр Берлібаев сайланған болатын. Ал 10 шілдеде өткен Директорлар кеңесінің отырысында Данияр Берлібаев «ҚМГ БӨ» директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Еске сала кетейік, «ҚМГ БӨ» («ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес құрылымы) Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бойынша алғашқы үштікке кіреді. «Қазгермұнай» және CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерін есептегенде, компанияның мұнай өндіру көлемі 2012 жылы 1 пайызға азайып, 12,2 млн. тоннаны құраған. 2011 жылдың соңында «ҚМГ БӨ» нақтыланған және ықтимал қорының көлемі 225,81 млн. тоннаны (1,66 млрд. баррель) құрады.

Данияр Берлібаев 2005-2007 жылдары «Интергаз Орталық Азия»АҚ бас директоры болып жұмыс істеді, сондай-ақ «ҚазТрансГаз»АҚ Бас директорының бірінші орынбасары қызметін қосымша атқарды. 2007- 2009 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ газ жобалары бойынша басқарушы директор болып қызмет етті. 2009-2011 жылдары «ҚазМұнайГаз-ПМ» АҚ бас директоры, одан соң «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры лауазымдарын атқарды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ газ жобалары бойынша басқарушы директор болды. Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік даму жөніндегі Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар