Д.Ахметов әлеуметтік мекемелерге сүт өнімдерін аймақтағы зауыттардан сатып алу қажеттігін ескертті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Бородулиха ауданындағы жұмыс сапары барысында шаруа қожалықтардың қызметімен танысып, әлеуметтік мекемелерді жергілікті комбинаттарда өндірілетін сүт өнімдерімен қамтамасыз ету керектігін тапсырды.

Жұмыс сапарының барысында Даниал Ахметов «Новая заря», «Лазарев және К», «Е. Зәйтенов» сияқты шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлады облыстың ақпараттық орталығынан.

«Новая заря» шаруа қожалығының басшысы А.Матаев тәулігіне 50 тонна сүт өнімін қайта өңдеуге қабілетті комбинатты салу жоспары туралы баяндады. Бұл мақсат үшін Германиядан «симменталь» тұқымды сүтті сиырлары әкелінеді. Аймақ басшысы Еуропадан тұқымды сиырларды таңдау кезінде шаруа қожалықтарына мұқият болуы керектігін ескертті.

Ол сондай-ақ нарықта отандық өнімдерді таратудың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде облысымыздың білім және денсаулық мекемелері жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге сапасы белгісіз сүт өнімдерін алады. Бұл жағдайды бақылауға алу керек. Әлеуметтік мекемелер сүтті және сүт өнімдерін біздің аймақтың зауыттарынан сатып алады», - деді С.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар