Цунамиден зардап шеккен Тонга аралының мыңдаған тұрғыны сусыз қалды
2022 жылғы 19 қаңтар 14:19

Цунамиден зардап шеккен Тонга аралының мыңдаған тұрғыны сусыз қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні Жаңа Зеландияның әскери-теңіз флотының екі кемесі жанартау атқылауының салдарынан болған цунамиден зардап шеккен Тонга аралына су қорын жеткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Тонга аралдарында сенбі күні жанартау атқылап, цунами болды. Апат салдарынан жүздеген үй қирап, кем дегенде үш адам қаза тапты. Ел үкіметінің айтуынша, мұндай апат бұрын-соңды болмаған.

Әуежай жанартау күліне оранып, су асты кабельдерінің қиылуынан байланыс нашарлап, апат салдары туралы ақпарат көбіне барлаушы ұшақтардан түсіп отырды.

Қызыл Крестің хабарлауынша, цунамидің тұзды суы мен жанартау күлі он мыңдаған адамның ауыз су көздерін ластап жатыр.


Jańalyqtar

MURAǴAT