COVID-19 жұқтырған 6 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 6 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Жағымды жаңалықты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақсы жаңалық: Қазақстанда COVID-19 бар алты науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайының жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Сонымен министрлік мәліметінше, елімізде 6 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды: Алматы қаласында - 2 адам, Қарағанды облысында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам.


Соңғы жаңалықтар