COVID-19: Жапония халқының саны 726 342 адамға азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапония халқының саны 125,93 миллионға дейін азайды. 1 қаңтардағы жағдай бойынша алынған бұл дерек – 2013 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің ішкі істер министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, халық саны – 125 927 902 адам, оның ішінде тұрақты түрде тұратын шетелдіктер де бар.

Жапонияның Окинавадан басқа барлық 47 префектурасының халқы азайған. Сонымен бірге, Токиода және Сайтама, Тиба мен Канагава префектураларында тұрғындары саны кеміп отыр.

Өлім-жітім туу көрсеткішінен басым, сондай-ақ COVID-19 пандемиясына байланысты шекарадағы шектеулер шетелдіктер санының төмен болуына әкелген.



Фото: english.kyodonews.net




Соңғы жаңалықтар