COVID-19 вирусына қарсы вакцина салынатын қауіп тобында дәрігерлер мен мұғалімдер бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, COVID-19 вирусына қарсы вакцина жалпы қазақстандықтардың 15 пайызына салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдің COVID-19 вакцинасына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін біз вакцинацияланатын қауіпті топты анықтадық. Олар - 60 жастан асқан созылмалы ауруы бар адамдар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер. Алдын ала есепке сәйкес, республика бойынша 2,8 млн адам немесе халықтың 15% вакцина салдыруы тиіс. Ол үшін 5,6 млн доза вакцина қажет», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, Қазақстан бірнеше мемлекеттен вакцина сатып алу мәселесін пысықтауда.

«Олар – ресейлік Спутник-5 вакцинасы, оксфордтық вакцина, қазақстандық вакцина және тағы басқалар», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой коронавирус жұқтыру деңгейі қайта үдеген әлем елдерін атаған болатын.


Соңғы жаңалықтар