COVID-19 вирусына қарсы дәрі-дәрмектің 48% отандық өндірушілерден сатып алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2009 - 2019 жылдары Бірыңғай дистрибьютордың жұмыс кезеңінде 32 отандық тауар өндірушімен 3600 дәрі-дәрмек жеткізу туралы 63 ұзақ мерзімді шарт жасалды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы олардың 586-сы жеткізіледі, қалғандары бойынша өндіріс алаңдары іске қосылып жатыр. Айта кету керек, COVID-19 ауруы бойынша дәрілік заттардың 48% отандық тауар өндірушілер қамтамасыз етеді. Бұл қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңірлер қажеттілігін жедел қамтуға мүмкіндік береді», - деді министр Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, 10 жылда отандық тауар өндірушілердің өнімі шамамен 300 млрд теңгеге сатып алынды, ал оның үлесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 70%-ға жетті.

Айта кетейік, Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» таныстырды.

Биыл фармацевтика өнеркәсібінде – 34,1%, инвестицияларда 5,2% серпінді өсу байқалады.


Соңғы жаңалықтар