COVID-19 вакцинациясын алған Саран және Ақтас тұрғындарына сыйлықтар беріледі

None
None
САРАН. ҚазАқпарат – COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен егілген Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары арасында сыйлықтар ойнатылады. Ұтыс ойынына қатысу үшін 11–19 қыркүйек аралығында вакцинациялауыңыз керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екпе алған азаматтар арасында 12 жүлде ойнатылады. Олардың ішінде электросамокаттар, смартфон, AirPods сымсыз құлаққаптары бар. Ең құнды сыйлық – скутер.

Қатысушы Саран және Ақтас вакцинация орталығынан коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып, аты-жөнін ұтыс журналына қалдыруы керек.

Жүлделер 20 қыркүйекте сағат 15:00 де @apparat_akima_saran Instagram

әлеуметтік парақшасында тікелей эфирде ойнатылады.

2021 жылғы 13 қыркүйектегі мәліметке сай Қарағанды облысы бойынша I компонентпен 500 908, II компонентпен 425 344 адам вакцина салдырды.

Бүгінгі күні Қарағанды облысында (13. 09.2021) инфекциялық стационарларда 1325 науқас, реанимация бөлімшесінде 87 науқас ем алуда, жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде (оның ішінде 9- і ӨЖЖ аппаратына қосылған).


Соңғы жаңалықтар