
18:03
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттің бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаулыға сәйкес, Аshyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейінгі ас беруді қоспағанда, ашық ауада, жабық үй жайларда, оның ішінде үйде де отбасылық, еске алу іс-шараларын, көпшілік іс-шараларды өткізуге және қатысуға тыйым салынады.
Сондай-ақ, салтанатты ас беру, отбасылық іс-шараларды өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын сауық және өзге де іс-шаралар, көрмелер мен марафондар, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар өткізуге болмайды. Сонымен қатар, театр мен концерт залы, филармония мен түнгі клубтардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ.
Мектептерде сабақ қашықтан оқыту форматына көшеді.