COVID-19 пандемиясы аяқталды: Еурокомиссия президенті дәрігерлерге алғыс айтуға шақырды

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) COVID-19 коронавирусы бұдан былай жаһандық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай емес екендігі туралы мәлімдемесін құптай отырып, жеке мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Үш жылдан астам уақыт өткен соң, COVID-19 бұдан былай жаһандық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай емес. Бұл – жақсы жаңалық», - деді У.Ляйен.

Жұма күні ДДСҰ ресми өкілдері мәлім еткендей, қауіпті вирустан өлім-жітім деңгейі 2021 жылдың қаңтарындағы аптасына 100 мың адамнан 24 сәуірде 3,5 мыңнан сәл астамға азайды.

«Пандемия адамдарға, қоғам және экономикамызға ауыр зардап әкелді. Бірақ біз оны жаһандық деңгейде, ЕО және мүше мемлекеттер деңгейіндегі батыл әрекеттердің және азаматтарымыздың төзімділігі мен ынтымағының арқасында сәтті еңсердік.

Бұл бізге ЕО-ның күші оның бірлігінде, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы күрделі дағдарыстармен бетпе-бет келгенде екенін үйретті. Дәрі-дәрмекпен алмасудағы, науқастарды емдеудегі немесе өз еліне оралған азаматтарға көмек көрсетудегі, сондай-ақ экономикамызды қалпына келтірудегі еуропалық ынтымақтастық азаматтарымызды бірлесіп қорғауға және пандемияның ең қиын кезеңдерін еңсеруге көмектесті», - делінген Еурокомиссия президентінің мәлімдемесінде.

Дағдарыс артта қалғандықтан, денсаулық сақтау саласындағы көптеген алдыңғы қатарлы мамандарға соңғы үш жылдағы ерекше күш-жігері мен адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтайық. Егер олар болмаса, қазір біз болмас едік», - деді У.Ляйен.


Соңғы жаңалықтар