COVID-19: Қырғызстанда жүк тасымалдауға талап күшейтілді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстан Республикасының аумағына кіретін жүк тасымалдаушыларды COVID-19-ға тексеру шаралары күшейтіліп жатыр. Бұл туралы Республикалық жедел штабтың отырысында айтылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта шекараны кесіп өтетін барлық жүк көлігі жүргізушілері экспресс-тесттен өтіп жатыр. Тест оң нәтиже берсе, жүргізушілер анализ нәтижесін алғанға дейін обсервацияда болады.

«Бүгінде денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы бағыттағы жұмыстарды бақылауды күшейту керек. Жүк тасымалдаушылардың өңірлер арасында әрі қарай жүруіне баса назар аудару қажет. Өкінішке қарай, үй карантинінде болуы тиіс адамдар жұмыстарын жалғастырған кездер де болды. Сондықтан, жүк тасымалдаушылардың мекенжайын бақылауды күшейту керек. Олар біздің бақылаудан шықпауы тиіс», - деп атап өтті бірінші вице-премьер-министр Кубатбек Боронов.

Тиісті мемлекеттік органдарға Қырғызстан аумағы бойынша жүк тасымалдаушылардың кіруін және одан әрі жүріп-тұруын бақылау алгоритмін жетілдіру тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар