+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

COVID-19: Қазақстанда экспресс-тесттен кім өте алады

2020 жылғы 4 сәуір 13:10
Бөлісіңіз:
COVID-19: Қазақстанда экспресс-тесттен кім өте алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел штабтың мәліметтері бойынша, алғашқылардың бірі болып тексеруден:

коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар,

жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емхана ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері;

тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұрған адамдар;

науқастармен байланыста болған адамдар;

коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

карантин аймақтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.)

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тесттен өте алады.

Экспресс-тесттердің дұрыстығы 90%-дан кем емес.

ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT