COVID-19: Қазақстан мен әлемдегі эпиджағдай, жұқтырғандар саны және ревакциналау шаралары

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, қазіргі уақытта әлемде 360 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Сондай-ақ, аталған індеттен 5,6 миллион адам қайтыс болды.

Ең көп жұқтырған елдер қатарында Еуропа мемлекеттері (137 млн-ға жуық), АҚШ (131 млн-нан астам), Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (51 млн-нан астам) бар. Әлемдегі және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай, вакцинация және ревакцинация шаралары туралы ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар.

Жалпы, коронавирус жұқтырғандар саны 20 миллионнан асқан мемлекеттер ішінде алғашқы үштікте АҚШ, Үндістан және Бразилия түр. Ал, ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ алғашқы орында. Онда COVID-19 жұқтырғандар саны 7364-5а жетсе, қайтыс болғандар саны 878 мыңды құрап отыр.

Үндістан жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр, мұнда COVID-19 анықталған жағдайларының саны 40 371 500-ден асқан, ал вирусты жұқтыру салдарынан қайтыс болғандар саны 491 700-ге жеткен.

COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында Бразилия тұр, онда 24 560 093 адам жұқтырған, оның 624 717-сі қайтыс болған.

Еуропа елдері

Еуропа мемлекеттері ішінде соңғы тәуліктегі Германиядағы корнонавирус жұқтырғандардың тәуліктік өсімі 203 мыңнан асқан. Бұл жалпы пандемия кезіндегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Алдыңғы күні де елде коронавирус 164 мыңнан астам адамнан анықталған еді. Ал, соңғы 24 сағатта елде 188 науқас қайтыс болған. Жалпы, пандемия басталғалы бері Германияның 9,2 миллион тұрғынынан инфекция табылып, 117 314 науқас қайтыс болды.

Сонымен қоса, Аустрия, Швейцария және Дания елдеріндегі кейстер саны артқан.

Дегенмен, Нидерланды билігі жалпы Еуропадағы инфекция көрсеткішінің артуына қармасатан, 1 ақпаннан бастап шектеулерді жеңілдете бастайды. Жалпы, 18 желтоқсаннан бері елде қатаң шектеу шаралары енгізілген болатын. Елдегі барлық бар, мейрамхана, мұражай, театр мен спорт залы жабылған еді. Тек супермаркеттер мен дәріханалар ғана күнделікті белгілі бір уақытқа дейін жұмыс істеді.

Ал, жаңа ережеге сәйкес, барлар мен мейрамханалар кешкі сағат 10-ға дейін жұмыс істей алады. Дегенмен, оларға коронавирус сынамасы теріс немесе вакцина төлқұжаты бар азаматтар ғана кіруге мүмкіндік алмақ. Түнгі клубтар ашылмайды. Мәдени-спорттық іс-шаралардағы көрермендер саны 1250 адамнан аспауы тиіс.

Қазіргі кезде Нидерландыда күніне 60 мыңға жуық жағдай тіркеледі.

Данияның Денсаулық сақтау министрлігі ел парламентіне келесі аптадан бастап барлық коронавирустық шектеуді толығымен алып тастау туралы ұсыныс енгізді. Ведомство басшысы Магнус Хойниккенің айтуынша, билік ел үкіметі жанындағы сараптамалық ғылыми кеңестің пікіріне байланысты шешім қабылдайтын болады. Егер парламент бұл ұсынысты мақұлдаса, Дания мемлекеті 1 ақпаннан бастап пандемияға дейінгі өміріне қайта оралауға мүмкін алады.

Ал, Аустрияда 1 ақпаннан бастап вакцина алмағандар үшін оқшаулану аяқталады. Бұл ереже өткен жылдың қараша айында енгізілді. Соған орай, екпесіз адамдар белгілі бір жағдайларда, мысалы, азық-түлік сатып алу үшін ғана үйлерінен шыға алатын еді. Билік бұл шараның алынып тасталуын елдің денсаулық сақтау жүйесіне бұдан былай шамадан тыс жүктеме қауіп төндірмейтіндігімен байланыстырып отыр.

Өткен аптада ел парламентінің төменгі палатасы 18 жастан асқан азаматтарға міндетті екпе салуды енгізуге дауыс берді. Заң 4 ақпанда күшіне енеді деп күтілуде.

Таяу Шығыс елдері

Пандемия басталғаннан бері Таяу Шығыстағы бірнеше елде кононавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі өршіді. Аймақтағы ең қатты зардап шеккен Иранда ресми түрде қайтыс болғандар саны 132 мыңнан асады. Барлығы 6,29 миллион адамның жұқтырғаны анықталды. Ал, көршілес Ирак мемлекетінде 25,000-ға жуық адам қайтыс болса, 2,18 миллионнан астам ауырған. Статистикалық мәліметтерге сенсек, қазіргі таңда екі елдегі күнделікті жұқтырған адам саны азайып келеді.

Қазіргі уақытта Израиль мемлекетінде коронавирусты жұқтырғандар саны артып отыр. Дегенмен, вакцинаны енгізу арқылы елдегі ауруханаға жеткізілген дер мен қайтыс болғандар саны азайған. Елде 2,66 млн адам ауырса, 8556 адам қайтыс болған. Қазір Израильде 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлеріне төртінші доза егіліп жатыр.

Әлем елдерінде вакциналау қалай жүріп жатыр

«Our world in data» зерттеу ұйымының дерегінше, бүгінде әлем халқының 60,8 пайызы COVID-19 вакцинасының кем дегенде бір дозасын алды.

Ал, дүниежүзі бойынша 10 миллиард доза қолданылған. Қазіргі таңда күніне 24,83 миллион доза егіледі. Табысы төмен елдердегі адамдардың тек 9,8%-ы ғана кем дегенде бір дозаны қабылдаған.

Төмендегі диаграммада әлем бойынша вакцинаның тек бірінші дозасын алғандар мен толықтай вакцинацияланған мемлекеттердің деректері пайызбен көрсетілген.

Диаграммаға көз салсақ, әлем бойынша толықтай вакцина алған елдердің алғашқы үштігінде Араб Әмірлігі, Португалия және Куба мемлекеттері тұр. Араб әмірлігінде халықтың 99%-ы вакцинаның алғашқы дозасын алса, Португалияда - 94%-ы, Кубада халықтың 93%-ына бірінші дозасы егілген.

Ал, халқының ең аз бөлігі вакцина алған елдер қатарына Африка елдері, атап айтсақ, Египет, Эфиопия және Нигерия кіреді.

Әлемдегі ревакцинация

Әлемнің кем дегенде 96 мемлекеті азаматтарын ревакциналауға көшті.

Кейбір елдер вакцинаның өз халқына қажетті мөлшерінен көп дозасын алған, ал басқа табысы төмен елдер әлемдегі әрбір адамның вакцинаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған Covax деп аталатын жаһандық жоспарға сеніп отыр.

Халқын ревакцинациялауға көшкен елдер ішінде Чили, Дания және Ұлыбритания қазіргі таңда халқының біразына екпе салып үлгерді.

Төмендегі диаграммада көрсетілген елдердің барлығы вакцинациялауға жарамды халқының 50%-ын равакцинациялаған.

ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесустың айтуынша, әлем халқынын COVID-19-ға қарсы вакцинациямен 70%-ын қамту мәселесі әлі де өзекті. Оның дерегіне сүйенсек, 86 елде халықтың 40%-дан азы ғана COVID-19-ға қарсы егілген.

«Ал, тағы 34 мемлекетте коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет деңгейі 10%-дан аспайды. Көбінесе дамушы және кедей елдер вакцина тапшылығынан зардап шегіп отыр», - деп атап өтті ДДҰ басшысы.

Сонымен бірге, ұйым сарапшыларының болжамынша, Omicron штамы Еуропадағы пандемияны тоқтатуға себеп болуы мүмкін. ДДҰ Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюгенің айтуынша, Еуропа пандемияның қандай соңғы кезеңіне жақындап қалуы әбден мүмкін.

«Еуропада «омикрон» штамының өршуі басыла салысымен, біраз уақытқа дейін жаһандық иммунитет болады. Себебі, ауруға байланысты вакцинациямен қатар дененің ішкі қорғанысы бар. Бірақ, кез келген жағдайда вакцниналау қарқынын төмендету керек», - деді Ханс Клюге.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері республикада 180 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Пандемия басталғалы бері алғаш рет ауруға шалдыққандардың күнделікті тіркелу саны 16 мыңнан асқан. Бұл Omicron нұсқасының таралу жылдамдығымен байланысты болып отыр.

Жалпы, бүгінде Түркістан облысынан басқа бүкіл ел қызыл аймақта.

ДСМ-ның хабарлауынша, соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші 1,5 есеге өстікен. Пандемия кезіндегі ең жоғары өлім көрсеткіші күн сайын тіркелген тамыз айымен салыстырғанда, өлім-жітім көрсеткіші 12,5 есеге төмендеді.

Алайда, қаңтар айының басынан бері өткен желтоқсанмен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 11 есеге артқан.

Аурудың ең жоғары өсімі Ақтөбеде – 53 есе, Маңғыстауда – 34 есе, Атырауда – 33 есе, Қызылорда облыстарында – 28 есе, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында – 25 есеге өскен.

Аурудың күрт өсуі республикадағы жұқпалы аурулар ауруханалары жүктемесінің артуына әсер етті. Соңғы бір айда инфекциялық төсек-орындар жүктемесе 18-ден 38%-ға дейін, яғни екі есеге өсті.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 12558 адам коронавирусқа шалдықса, 11424 адам індеттен емделіп шықты.

Сонымен қоса, еске салайық, 27 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компоненті 9 166 291 адамға салынған. Ал, II компонентпен 8 735 902 адам егілді.



Назерке Сүйіндік

Соңғы жаңалықтар