НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясымен ауруханада жатқан 11 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
14 мамырдағы мәлімет бойынша елде коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан сырқат саны - 561. Оның 51-і стационарда, 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Ведомствоаралық комиссия мәліметінше, 11 адамның жағдайы ауыр, 2 науқасқа өкпені жасанды желдету аппараты қосылған.
Айта кетейік, өткен тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды.
Коронавирусқа қарсы екпе салдыру жалғасып жатыр.