+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

COVID-19-ға қарсы вакцина бельгиялықтарға карантинді жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр

2021 жылғы 21 тамыз 10:40
Бөлісіңіз:
COVID-19-ға қарсы вакцина бельгиялықтарға карантинді жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияда вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бұл өз кезегінде ел билігіне коронавируспен байланысты жарияланған карантин талаптарын жеңілдетуге мүмкіндік жасап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Алматыда «омикрон» штамы анықталған жоқ Атырау облысында коронавирусқа шалдыққан 227 адам ауырып жатыр Алматыда коронавирусқа шалдыққан 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Осы уақытта 7 млн 796 мың бельгиялық коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл ел халқының жасы 18-ден асқан тұрғындарының 80 пайызы.

«Бүгінгі таңда ересек 10 адамның сегізі вакцина алған Осылайша, біз «жазғы жоспарды» асыра орындадық және биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, бостандыққа маңызды қадам жасаймыз»,-деді Бельгияның Премьер-Министрі Александр Де Кроо.

Ел үкіметінің жанындағы Консультативтік комитеттің (сарапшылар) кезекті отырысында 1 қыркүйектен бастап төмендегідей талаптар енгізілетін болады:

- Кафе мен мейрамханаларда санитарлық талаптар жеңілдетіледі. Тек залда жүргенде ғана (дәретханаға барғанда, столдан столға ауысқанда тағы с.с.) маска тағу міндетті. Өзге шектеулердің барлығы алынды. Бұған қоса қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты карантин талаптарымен реттелмейді;

- түнде істейтін дүкендердің жұмыс уақытына шектеу қойылмайды;

- отбасылық шараларға келетін адамдар санына шектеу жоқ;

- бельгиялықтар енді үйіне қанша адам жинаса да өздері біледі.

- Фландрияда енді қашықтан жұмыс істеу ұсынылмайды, ал Брюссельде бұл ұсыныс әлі күшінде;

1 қазаннан бастап, түнгі клубтар жұмыс істей береді;

Тұрғындар міндетті түрде арақашықтықты сақтап маска тағуы тиіс қоғамдық орындардағы (қоғамдық көлік, станциялар, дүкендер, кітапханалар, сот, діни ұйымдар) санитарлық нормалар сақталады.

Сондай-ақ Бельгия Премьер-Министрі елдің барлық өңірлерінің әкімшіліктерін халық санының кемінде 70 пайызының вакцина алуын қамтамасыз етуге шақырды.

«Адамдарды неғұрлым көбірек вакциналау үшін мақсатты шаралар қолданылады»,-деді А.Кроо.


Арнұр Рахымбеков


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT