COVID-19-ға қарсы вакцина алғандардың ауруханаға түсу қаупі 10 есе төмен – америкалық ғалымдар зерттеуі

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Толық вакциналанған адамдар (екі компонентін де алған) COVID-19-дан 11 есе аз өледі және ауруханаларға 10 есе аз түседі. Мұндай деректер АҚШ ауруды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) апта сайынғы есебінде келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

АҚШ ғалымдары 2021 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында 13 штатта және ірі қалаларда COVID-19, ауруханаға жатқызылу және өлім-жітімнің 6 мыңнан астам жағдайын зерттеді.

Зерттеу көрсеткендей, вакцина алмаған адамдардың толықтай екпе алғандарға қарағанда коронавирус жұқтыру мүмкіндігі 4,5 есе, ауруханаға түсіп қалу мүмкіндігі 10 есе және аурудан қайтыс болу қаупі 11 есе көп.

Ақ үйдегі брифингте CDC директоры Рошель Валенски бұл мәліметтер вакцинацияның COVID-19 ауыр асқынуларынан қорғайтынын көрсетіп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, АҚШ Ауруды бақылау және алдын алу орталығы Дельта нұсқасы АҚШ-тағы вирустың негізгі штаммына айналғанын анықтады.

Орталық АҚШ президенті Джо Байден COVID-19-ға қарсы жаңа стратегияны жариялағаннан кейін мәлімдеме жасады, оған 100-ден астам қызметкері бар компания қызметкерлерін екпе алуға немесе апта сайын тест тапсыруға міндеттейтін шаралар кіреді.


Соңғы жаңалықтар