COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина жүктілікке әсер етпейді – зерттеу нәтижесі

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы ресейлік вакциналардың жүкті болу қабілетіне әсерін бағалау бойынша керекті сынақтар өтті. Жағымсыз салдары анықталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Коронавирусқа қарсы вакцинаны қосқанда, қандай да бір вакцинаның әйелдер мен еркектердің ұрығына әсер ететініне ешқандай дәлел жоқ. Коронавирусқа қарсы ресейлік вакциналардың ұрпаққа әсерін бағалау бойынша керекті сынақтар өтті, ең алдымен сынақ зертханада жануарларға жасалды. Жағымсыз салдары анықталмады», - делінген дүйсенбі күні Роспотребнадзордың сайтындағы хабарламада.

Ведомствода коронвирусқа қарсы екпе алғаннан кейін жүктіліктен қашудың қажеті жоқ екенін нақтылады.

Сонымен қатар Роспотребнадзор COVID-19-ға қарсы кез келген вакцинаның адамның ДНҚ-сына әсер етпейтінін және онымен әрекеттеспейтінін түсіндірді.

«Вакцина ағзаның иммундық торларын коронавирустың генетикалық материалының фрагменттерімен таныстырады, таныстықтан кейін вирустан қорғауға бағытталған антиденелер өндіріле бастайды», - делінген сайтта.


Соңғы жаңалықтар