+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

COVID-19-ға қарсы Қазақстан вакцинасын ДДСҰ ресми түрде клиникалық сынаққа жіберді

2020 жылғы 29 тамыз 14:40
Бөлісіңіз:
COVID-19-ға қарсы Қазақстан вакцинасын ДДСҰ ресми түрде клиникалық сынаққа жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған екпені ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты. Бұл тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСҰ сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 172 адамның жағдайы өте ауыр Матрица: Алматы облысы «жасыл», Қызылорда облысы «сары» аймаққа шықты Қазақстанда өткен тәулікте 1719 адам коронавирустан жазылды

Деактивацияланған вирусы бар Қазақстан вакцинасы клиникалық сынақтың 1/2 кезеңінде тұрғанын кестеден көруге болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Аустралия, Тайвань, Куба, Франция, Аустрия және Канада секілді елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған 33 вакцина кірген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT