«COVID-19-ды лидокаин және физиологиялық ерітіндімен емдеуге болады» - фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде коронавирус инфекциясын емдеу схемасы таратылуда. Оған сенсек, науқастарға физиологиялық ерітінді мен лидокаин қоспасымен ингаляция жасау қажет керек. Алайда, stopfake.kz сайтының жазуынша бұл әдіс вирустық аурулармен күресте тиімді емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды медицина университеті ішкі аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Александр Марченко мұндай емдеу жолы COVID-19 жағдайында уақытты босқа жоғалтуға әкелуі мүмкін. Коронавирус кезінде уақыт шешуші фактор болуы ықтимал.

«Бұл емдеу әдісінің тиімділігі өте күмәнді. Одан тікелей зиян жоқ, бірақ өркөкіректік салдарынан уақыт жоғалтып алуыңыз мүмкін. Медициналық көмекке кеш жүгіну аман қалу ықтималдығын азайтады. Мен не жайлы айтып отырғанымды білемін, өйткені мен «қызыл» аймақта жұмыс істедім және сарапшы ретінде жағдайларды шағымдар бойынша егжей-тегжейлі талдадым. Олардың барлығы бірдей – алдымен адамдар интернеттен тапқанның бәрімен емделді. Ал емдеу тиімсіз екенін түсіне бастағанда, кейде тіпті ауыр жағдайда жұқпалы аурулар ауруханасына түседі. Әрине, ауруханаға жатпай-ақ сауығып шыққандары бар, бірақ коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда тыныс алу жолдарының жеткіліксіздігінің дамуына жол бермеу керек», – деп түсіндірді Александр Марченко.

Қазақстандықтар бұған дейін де COVID-19 емдеудің күмәнді тәсілдерін таратқан болатын. Біз ауруды гидроксихлорокинмен, кәдімгі көкпен және лимон қосылған ыстық сусынмен жеңуге болатындығы туралы фейктерді жоққа шығардық.

Баршаңызды осындай ұсыныстарға сенбеуге шақырамыз. Сырқаттанған жағдайда дереу білікті медициналық көмекке жүгіну қажет.



Соңғы жаңалықтар