COVID-19-дан емделіп жатқан 275 адамның жағдайы ауыр
2022 жылғы 17 қаңтар 08:36

COVID-19-дан емделіп жатқан 275 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавируспен ауырған 275 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 77 474 адам коронавирус инфекциясынан (–75 856+ және 1 618 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 986 пациент стационарда жатыр, 70 488 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 275 адамның жағдайы ауыр, 82 пациенттің жағдайы өте ауыр, 52 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Jańalyqtar

MURAǴAT