COVID-19: Бурятияда 27 маусым -11 шілде аралығы жұмыс істемелмейтін күндер болып жарияланды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Бурятияда екі аптаға эпидахуалдың нашарлауына байланысты қатаң шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бурятияда эпидемиологиялық ахуалдың нашаралуына және коронавирус жұқтырушылар санының өсуіне байланысты республика билігі екі аптаға 27 маусымнан 11 шілдеге дейін қатаң шектеу шараларын енгізді. Бұл күндер жұмыс істелмейтін күндер режимі болып жарияланды.

«Бурятия Республикасында 27 маусымнан 11 шілдеге дейін жұмыс істелмейтін күндер режимі енгізілді», - делінген коронавирус бойынша өңірлік жедел штабтың хабарламасында.

Осы екі аптада «өмір сүруді қамтамасыз ететін қызметтерді, азық-түлік дүкендерін, қажетті тауарларды сататын сауда ұйымдарын, дәріханаларды, ТКШ, қоғамдық көлік, БАҚ қызметтерін қоспағанда, барлық кәсіпорындардың қызметіне тыйым салынады» делінген.

Өткен тәулікте Бурятияда коронавирус жұқтырудың 2858 жаңа жағдайы анықталды. COVID-19 пандемиясы басталғалы республикада 42435 адам коронавирусқа шалдыққан, 1066 науқас көз жұмған.


Соңғы жаңалықтар