COVID-19-бен күреске жұмылдырылған 103 нысан жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 тамыздан бері елімізде COVID-19-бен күреске жұмылдырылған 103 нысан жабылды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жүктелім деңгейі 56-дан 34%-ға дейін, реанимациялық төсектердің жүктелімі 45-тен 29%-ға дейін төмендегені байқалады. Резервте 20 мыңға жуық төсек-орын бар», - деді министр.

Оның мәліметі бойынша, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандарды жабу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Биыл 25 тамыз бен 18 қазан аралығында барлық өңірлерде 103 нысан, нақты айтсақ, 30 881 инфекциялық төсек жабылды», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар