COVID-19: Алматыда бір тәулікте 1,2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 587 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 205 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 44, келіп түскені – 157.
«Инфекциялық стационарларда 587 адам бар. (Төсек-орын 1348 ). Оның ішінде 89 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 36 адам жатыр.
Ал 9 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 13 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 7 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 943 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1 805 науқас. 138 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар