COVID-19: Алматы әкімдігі мен Джонс Хопкинс атындағы аурухана бірлесіп, вебинар өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «COVID-19-бен ауыратын науқастардың қарқынды терапиясы» тақырыбында халықаралық вебинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара Алматы әкімдігінің бастамасымен Сан-Франциско қаласындағы ҚР Бас консулдығының қолдауымен Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы жүйесінің емдеуші дәрігерлері мен халықаралық медициналық зерттеулер орталығы және Джонс Хопкинс атындағы аурухана мамандарының қатысуымен өтті.

Негізгі мақсат – COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу мәселелері және алгоритмі бойынша тәжірибе алмасу.

Вебинарды ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров вебинарды өткізу дәрігерлерге, медицина ұйымдарының басшыларына және Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасына COVID-19-ға қарсы күресте практикалық көмек көрсететінін атап өтті.

«Өткен жылы карантин шаралары енгізілгеннен кейін Алматы қаласының әкімдігі қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бекіткен «Пандемия жағдайында Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын» әзірледі. Бұл жоспардың басты мақсаты мегаполисте аурудың деңгейі мен қарқынын басқару арқылы COVID-19-ға қарсы тұру жүйесін құру, жұмыс істеп тұрған экономикамен карантин шаралары теңгерімі жағдайында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру болды. Осыған байланысты біз жаңа деректерге жүйелі мониторинг жүргізу, пандемиямен жалпы күресте басқа елдердің тәжірибесін пайдалану өте маңызды деп санаймыз», - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі қаладағы аурудың деңгейі мен қарқынын басқару міндетін қойды, ол үшін денсаулық сақтау жүйесінің барлық буындарының жұмысы үйлестірілді.


Соңғы жаңалықтар