+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

COVID-19: Ақтөбеде диспансерлік есепте тұрғандар тексеріледі

2020 жылғы 27 қазан 21:42
Бөлісіңіз:
COVID-19: Ақтөбеде диспансерлік есепте тұрғандар тексеріледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында диспансерлік есепте тұрғандар жаппай тексеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қазақстанның 3 қаласында бастауыш мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқытылады Вакцина коронавирустан 100% қорғай ма – профессор жауабы Жамбыл облысына 72 жастағы қарт коронавирустан айықты

Кеше өңірде 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың бірі 58 жастағы әйел. Жөтеліп, дене қызуы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Ал екіншісі 27 жастағы жігіт. Екеуі де Ақтөбе қаласының тұрғыны. Қазір өңірде 3 287 адам вирус жұқтырған болса, оның 98 пайыздан астамы жазылды.

«Жайсаң» және «Әлімбет» беке­ттері арқылы көлікпен өткендер арасында коронавирус індеті тіркелді. 6 қазаннан бері тек «Жайсаң» өт­кізу бекеті арқылы 9 мыңнан астам адам өтті. Олардың 3 700-і жолаушы. Барлығы 1 190 адам карантин ст­ационарына орналас­ып, олардың жетеуінен коронавирус анықта­лды. Шетелден әуе қатынасы арқылы келге­ндерден ауру анықтал­мады. Осыған байланы­сты індеттің Ресейден келу қаупі бар»,- деді облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалау­ов.

Диспансер­лік есепте тұрған әр­бір ақтөбелікті бақы­лауға алу ұсынылды. Бұл жұмыс 152 мобиль­ді бригадаға жүктеледі. Қажет болған кезде олардың саны артатын болды. Аудандар мен Ақтөбе қаласында жаңа рентг­ен аппараттары орнатылып жатыр. Өңірдегі медициналық мекемел­ерге 117 өкпені жасанды желде­ту аппараты сатып алынды. Денсаулық са­қтау мекемелеріне 6 жылжымалы кешен әкелінеді.

Айта кетейік, облыста 32 бақылау тобы бар. Олар 1210 заңбұзушылықты анықта­ды. 807 адам әкімшіл­ік жазаға тартылып, 101,2 млн теңге айып­пұл салынды.

«Барлық бағыттар бой­ынша қоғамдық бақыла­уды күшейтіп, анықталған кемшілікт­ерді жою қажет. Ең тиімді әдістерді пайд­алану керек. Бастысы індеттің өрш­уіне жол бермеу. Тұрғындардың 12% тұмауға қарсы егі­лді, бұл қауіпті бір­аз сейілтеді», - деп атап өтті Оңдасын Оразалин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT