+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

COVID-19: Ақтөбеде бір тәулікте 137 адамнан коронавирус анықталды

2021 жылғы 24 қыркүйек 16:21
Бөлісіңіз:
COVID-19: Ақтөбеде бір тәулікте 137 адамнан коронавирус анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Оқу жылы басталғалы 473 сыныптың оқушылары карантинге жіберілсе, оның 134-інде шектеу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да қыркүйек айынан 600-ден астам оқушы коронавирус жұқтырды Атырауда облысында 99 бала мен 22 жүкті әйел коронавирустан емделуде Шымкент қаласында карантин мерзімі ұзартылды

Ақтөбе облысы «қызыл» аймақта. Бір тәулікте тағы 137 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

«Ақтөбе облысы бойынша инфекциялық стацонарларда 658 адам жатыр. Оның 84-і жансақтау бөлімінде. Науқастардың 15-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Балалар туралы айтар болсам, 261 бала бақылауға алынса, оның 9-ы ауруханада ем алып жатыр. Жүкті әйелдердің 33-і ем қабылдап жатыр. Бесеуінің жағдайы ауыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Оның айтуынша, бір аптада өңірде 15 адам COVOD-19-дан көз жұмды.

«Балалар арасында жағдай тұрақты. Оқу жылы басталғалы 473 сынып карантинге жіберілсе, оның 134-інде карантин аяқталып, оқушылар сабаққа барып жүр. Қазір 339 сынып карантинде»,- деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT