COVID-19: Ақтөбеде 80-нен астам адам ем қабылдап жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында 80-нен астам адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатыр. Оның 11-і жансақтау бөлімінде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте өңірде 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ақтөбе қаласында 3, Мәртөк ауданында 6 және Хромтау ауданында 1 адам дәрігерлер бақылауына алынды.

Ауру жұқтырудың өсу деңгейі - 0,3%. Жалпы облыста 3531 жағдай тіркелген болса, оның 94 пайызы жазылды. Ал 200-ден астам адам үй карантиніне алынды.

«Ақтөбе медициналық университетінің карантиндік стационарында 14, Мәртөк ауданындағы Жайсаң ауылында 15, Қарғалы ауданындағы Әлімбет мектеп-интернатында 1 адам жатыр. Жалпы өңірде өтпені жасанды желдету аппараты жеткілікті. Біздің мақсатымыз – науқастардың жағдайын ушықтырмай, дер кезінде емдеу. Жансақтау бөлімінде жатқандардың көбінің жасы 60-тан асқан. Сонымен бірге жүрек-қан тамырлары, қант диабеті секілді созылмалы ауруға шалдыққандар», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Ақтөбеде әлі де той, еске алу шарасын өткізуге, ұжымдық кештерді ұйымдастыруға тыйым салынған.

Соған қарамастан түрлі шара өткізгендерге Әкімшілік құқық бұзу кодексі бойынша 140 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар