COVID-19: Ақмола облысында 34 мектеп қашықтан оқытуға көшті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Ақмола облысында оқушылар арасында COVID-19 қатысты 499 жағдай тіркелді.

Бұл туралы брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, өңірде оқушылар арасында бір тәуліктің ішінде COVID-19-ға қатысты 7 жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде Бурабай ауданында-4, Жақсы ауданында-1, Целиноград ауданында-1, Көкшетау қаласында-1 жағдай тіркелді.

«Ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап оқушылар арасында аурудың 499 жағдайы тіркелді, оның ішінде штаттық режимде (оффлайн)–212(43%) жағдай, онлайн–287(57%) жағдай. Пандемия басталғалы бері 761 оқушыдан COVID-19 вирусы зертхана арқылы расталды», - деді Айнагүл Мусина.

Брифингте айтылғандай, 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында облыс бойынша COVID-19-дың 25 жағдайы тіркелді (6 оффлайн/19 онлайн), екінші тоқсанда 223 жағдай (75/148), үшінші тоқсанның басынан бері 499 жағдай тіркелді (212/287). Аудандар бойынша алғанда, Көкшетау қаласында-(328), Степногорск қаласында-(38), Бурабай ауданында-(66), Зеренді ауданында-(36), Сандықтау ауданында-(34).

«Облыс бойынша оқушылар арасында коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты 34 мектеп қашықтан оқытуға көшті», - деп толықтырды ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар