Coca-Сola және қоғамдық ұйымдар 15 мың ауыл тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етпек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Тұрақты дамуға көмектесу орталығы» қоғамдық қоры Coca-Cola компаниясымен бірлесіп, 2011-2020 жылдарға «Ақ Бұлақ» сумен қамтамасыз етуді дамытудың салалық мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында «Ауылдық елді мекендерге арналған сапалы ауыз су» жобасын жасады.

Ұйымдастырушылар алғашқы қанатқақты жобаны Ақмола, Алматы облыстарында 2014-2015 жылдар аралығында жүзеге асырып, он бес мыңға жуық тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етпек.

«Қазіргі кезде сапалы су - өте өзекті мәселе. 2014 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің №786 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2014-2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының деректеріне сәйкес, бүгінгі күні елдегі ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайының жақсарып келе жатқандығы рас. Бірақ та Қазақстан халқының 67% ғана сапалы ауыз сумен және 47% ғана кәріз жүйесімен қамтылған. Сондықтан, мәселені шешу үшін қоғамдық ұйымдар да бастама көтеріп отыр. Біз бизнес өкілдеріне, атап айтқанда Coca-Cola компаниясының осы жобаға қатысқандығына ризамыз. Компанияның ауылдық өңірлердің тұрғындарын ауыз сумен қамтуда лайықты үлес қосатынына сенімдіміз»,- деп атап өтті «Тұрақты дамуға көмектесу орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Вера Мұстафина.

Мұндай ауқымды жобалар тек мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар тарапынан ғана іске асырылып қоймай, сондай-ақ ірі халықаралық компаниялар тарапынан да қолдау тауып отыр.

«Сoca-Cola компаниясы әлеуметтік бастамаларға баса көңіл аударады. Таза ауыз суға қолжетімділік - қоғамның денсаулығы үшін өте маңызды. Суға ұқыпты қарау, оны ұтымды пайдалану және үнемдеу, су ресурстарын тиімді басқару - біздің Қазақстандағы және бүкіл әлем бойынша бизнес жүргізуіміздің басымдылықтарының бірі болып табылады.Біз өзіміздің осы жобаға қатысқандымызды мақтан тұтамыз, өйткені табысты бизнес, тек салауатты қоғамда ғана болады емес пе!? Сондықтан біз әрі қарай да осындай әлеуметтік маңызы бар жобаларды жан-жақты қолдау үшін барлық күш-жігерімізді, жинақталған тәжірибелеріміз бен білімдерімізді салатын боламыз»,- деді Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі Coca-Cola компаниясының үкіметтік және қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Олег Пилецкий.

Соңғы жаңалықтар