Coca-Cola-ның алаяқтық жасағаны анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Coca-Cola компаниясы 345 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуі ықтимал, деп жазады Financial Times.

Мексикалық кәсіпкер Хосе Антонио дель Валле компанияны корпоративтік алаяқтық және өнеркәсіп меншігін ұрлады деп айыптап отыр.

Сот қарауына Fanta Gaba сусыны себеп болған.

2012 жылы Валле GABA гамма-аминмайлы қышқыл қосылған сусынды шығарған. Бұл қоспа Жапонияда ерекше танымал. Ол Мексика мен Нидерландыда Go Gaba сусынының өндірісін іске қосты.

Төрт жылдан соң бизнесмен Coca-Cola компаниясымен хабарласып, оған халықаралық ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Оған сәйкес, американдық компания Go Gaba рецептурасын алып, бірақ осыған ұқсас өнімді Валлемен келісім орнатқан кезден бастап алғашқы 30 айда шығармауы тиіс болған. Келісім 2007 жылдың желтоқсан айында жасалды, бірақ арада алты ай өткен соң Жапонияда Coca-Cola ұсынған Fanta Gaba сусыны сатыла бастаған. 

Соңғы жаңалықтар