+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

«Classic» радиосы Ақтау қаласына да хабар тарата бастады

2015 жылғы 5 маусым 15:18
Бөлісіңіз:
«Classic» радиосы Ақтау қаласына да хабар тарата бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Classic» радиосы Ақтау қаласында да 103,3 FM жиілігінде хабар тарата бастады. Ал ертең, 6 маусым күні Қазақстандағы тұңғыш классикалық музыка радиосының құрылғанына 4 жыл толады, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі.

«Classic» радиосында жүргізушілердің бірегей құрамы шоғырланған - ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова («Культурная мозаика»), Олег Борецкий («Киноблюз») Зира Наурызбаева («Тылсым перне»), Ноэль Шаяхметов («Jazz Time»), Лиля Калаус («Классикомания»), Нұргүл Ертаева («Игра в бисер).

Еліміздің ен қатаң үлгісін ұстанатын радиоэфир түрлі эксперименттерден бас тартпайды және дағдылы әуен шеңберінен асып, батыл қадамдарға барады. Қазақ ертегілері мен классикалық музыка, «Контрабаспен» сюрреалистік Зюскинд, Америкадағы қазақ сазы - мұның барлығы «Classic» радиосында орын тапты.

Радиостанцияның ең маңызды жеңістерінің арасынан 2013 жылы Лондонда Халықаралық телерадиотаратушылар Ассоциациясы ұйымдастырған «AIBs Inspiring Creativity Awards» байқауында «Classic» радиосының «Классикомания» бағдарламасының «ең бірегей, ойын-сауық және дамытатын бағдарлама» деп танылып, арнайы деипломмен марапатталғанын, 2013 жылы Fashion TV Awards салтанатында «Classic» радиосына «Сәннен шықпайтыны үшін» жүлдесін, жылсайынғы «Жыл таңдауы - Жыл адамы» фестивалі шеңберіндегі «Алтын адам» сыйлығын, ең бастысы - классикалық музыкаға табынушылардың ризашылығын атауға болады.

«Classic» радиосы Алматы қаласында 102.8 FM, Астана қаласында 102.7 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM жиілігінде хабар таратады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT