CҚО полицейлері екі бойжеткенді қағып кеткен жүргізушіні іздеуде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері түнгі клубтың алдында екі бойжеткенді қағып кеткен «Лексус» жүргізушісін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

«Автокөлік иесін іздеуге бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында «Лексус» жолаушылары мен оқиға куәгерлерінен жауап алынды. Олардың айтуымен автокөлік апатының мән-жайы анықталды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сот сараптамасы тағайындалды. Сотқа дейінші тергеудің материалдары облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасына беріліп, ведомство басшылығының бақылауына алынды», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 15 қыркүйекте таңғы сағат төрт жарымда Петропавл орталығындағы түнгі клубтың маңында болған. «Лексус» жүргізушісі екі қызды қағып кетті. Екеуі де ауыр халде. ҚР ҚК «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар