CҚО полицейлері 2015 жылғы жұмысының қорытындыларын шығарды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полицейлер 2015 жылы өткізген жұмысының қорытындыларын шығарды. Жедел кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полицияның генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев қатысты.

«2015 жылы СҚО-да 10 103 қылмыс тіркелген. Аса ауыр қылмыстар санының 29 пайызға, адам өлтірудің - 19 пайызға, тонаушылықтың - 17 пайызға, бопсалаудың - 51 пайызға, зорлау оқиғаларының 19 пайызға төмендеуі атап өтіледі. Соңғы жылдары алғаш рет ұрлық санының төмендеуі динамикасына қол жеткізілген. 2015 жылы іздеуде болған 89 қылмыскер ұсталды. 334 есірткі қылмысы анықталып, 320 келі есірткілік зат алынды, есірткіні контрабандалаудың 17 фактісіне жол берілмеді», - деп атап өтті өз сөзінде СҚО ІІД-нің бастығы Берік Біләлов.

«Жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдарының мақсаттары мен міндеттері бірдей, олар біздің аймағымыздың экономикалық гүлденуіне, әлеуметтік тұрақтылық, азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына бағытталған. Бүгінде аймақта тұрақты жағдай сақталуда. Бұл жерде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлерінің еңбегі бар», - деп атап өтті Ерік Сұлтанов, жергілікті полиция қызметінің жұмысына назар аудартып.

Бұл ретте аймақ басшысы кешенді жұмыстың оң динамика көрсетіп отырғанын атап өтті. Қолданылған шаралардың арқасында аймақта жол-көлік оқиғаларының саны 17 пайызға қысқарған.

Өткен жылы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 87 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. 139 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, соның ішінде 3 мыңнан астам адам әкімшілік қамауға алынды. Өткен жылы әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 990 млн. астам теңгені құраған.

Сөз соңында Ерік Сұлтанов облыстың үздік тәртіп сақшыларын марапаттады.
null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар