CҚО-да шетел азаматтары мінген екі автобус жолда сынып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Cолтүстік Қазақстан облысында жергілікті полиция қызметкерлері аязды күндері екі автобустың жолаушыларына көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аязды түндер екі автобус жолаушылары үшін қайғылы болуы әбден мүмкін еді.

Түркістан облысынан Екатеринборға жол жүрген VAN HOOL жолаушылар автобусы жолда сынып, Петропавлдың Рабочий кентіне жақын жерде тұрып қалған. Оның ішінде жеңіл киінген 54 жолаушы - Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары болған. Жол полицейлері автобус жүргізушісіне техникалық қызмет көрсету шеберін табуға көмектесіп, қосалқы бөліктер сататын дүкендерге барып шыққан. Жолаушылар жалдамалы үйге жеткізіліп, онда жылы жерде отырып, жөндеу жұмыстарының аяқталғанын күтті. Күндіз және түнде автобусты үш көлік патрулі ауысыммен күзетіп отырған.

«Келесі түні кешкі сағат 22:30-да арасында кәмелеттік жасқа жетпеген сегіз адам болған 15 жолаушысы бар Scania автобусының жанармай жеткізу жүйесі істен шықты. Аққайың және Тайынша ауданы патрульдік полиция батальонының көлік патрульдері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, автобус иесіне оның сынғанын хабарлады, балаларды Тайынша қаласына жеткізді. Тайынша ауданы атқарушы билігінің көмегімен жолаушылар жергілікті қонақүйге орналастырылған. Автобус жөнделген соң, жолаушылар қайта жолға шыққан», - деп баяндады баспасөз қызметінен.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айдын Байматовтың айтуынша, аймақта ауа температурасының төмендеуі себебімен барлық көлік патрульдері тәулік бойы мониторинг жүргізіп, жүргізушілер арасында қала сыртындағы күре жолдардың жағдайы туралы сұрау жүргізуде.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар