+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

CҚО-да полицейлер екі ай бойы қашып жүрген қарақшыны ұстады

2021 жылғы 26 шілде 22:16
Бөлісіңіз:
CҚО-да полицейлер екі ай бойы қашып жүрген қарақшыны ұстады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында адам тонап, ізін суытқан қарақшы екі айдан кейін қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да «Ақ бидай-2021» спорттық ойындарының жеңімпаздары анықталды Дүниежүзілік тазалық күні солтүстікқазақстандықтар 116 тонна қоқыс жинады Петропавлда адам қаза тапқан жол апатында жүргізуші мас болған

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 мамырда түнде екі қарақшы Петропавлдың орталығында адамға шабуыл жасап, 100 мың теңгеге жуық ақшасын тартып алған. Күдіктілердің бірі - 20 жастағы қала тұрғыны ізі суымай ұсталды. Екіншісі бұрын бұзақылық үшін сотталған 28 жастағы Бескөл ауылының тұрғыны қаладан қашып кеткен. Оған полицейлер іздеу жарияланды.

Жедел ақпарат бойынша, күдікті Алматыда жасырынған, кейін Петропавлға оралған. Тәртіп сақшыларынан қашып, таныстарының құжаттарына ресімделген жалдамалы пәтерде тұрып жүрген. Алайда қулығы іске аспады. Криминалдық полиция қызметкерлері оның соңына түсіп, 20 шілдеде қолға түсірді. Күдікті қамалды.

«Күдікті «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен кезеңде ұсталды. Жалпы операция өткен уақытта іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды. Жыл басынан облыс полицейлері қылмыс жасады деп күдіктелген 18 адамның жүрген жерін анықтады», - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Жұмалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT