+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

CҚО-да мотоциклшілердің жол апатынан бір адам қайтыс болған

2021 жылғы 2 шілде 01:48
Бөлісіңіз:
CҚО-да мотоциклшілердің жол апатынан бір адам қайтыс болған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мотоциклшілердің жол апатын жасауы жиілеген. Салдарынан бір адам қаза тапты, үшеуі жарақаттанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда BMW мен Skoda соғылып, бір адам қаза тапты Петропавлда адам қаза тапқан жол апатында жүргізуші мас болған БҚО-да жол апатынан автокөлік өртеніп, жалын 1 гектар жерді шарпыды

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жаз басталғалы мотоцикл жүргізушілерінің салдарынан үш жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Соның бірі 29 маусым күні Петропавлда болды. Сәтпаев көшесінде мотоциклші бір бағытта келе жатқан Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында жұмыс істеген патрульді полиция батальоны қызметкерлері жинаған материалға сәйкес, 23 жастағы мотоцикл жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, көлікке тым жақын келген.

Салдарынан жігіт және оның 27 жастағы жолаушысы – бойжеткен жарақаттанды. Екеуі де ауруханаға жатқызылды. Мотоциклшінің көлік жүргізуге құқығы болмаған.

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолда қырағылық танытып, ерекше сақ болуға шақырамыз. Мотоцикл жүргізушілері де, олардың жолаушылары да мотошлем киюі қажет. Жол қозғалысы ережесінде мотоциклшілерге қатысты бірнеше талап бар. 12 жастан төмен балаларды бұл көліктің артқы орындығында тасымалдауға болмайды. Мас жолаушыны да отырғызуға тыйым салынған», - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы жаз басталғалы CҚО-да мотоциклшілер жасаған үш жол-көлік оқиғасында бір адам қаза тапты, үшеуі жарақаттанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT